PROспорт-блог
ММА

Нурмагомедов пен Фергюсон неге кездесе алмай жүр?

Нурмагомедов пен Фергюсон неге кездесе алмай жүр?
news-banner7
mobile-news-top

Күні кеше UFC чемпиондық белбеуін қорғап қалған Хабиб Нурмагомедов америкалық аралас жекпе-жек шебері Тони Фергюсонмен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

UFC президенті Дана Уайт та Тони Фергюсон жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуге үміткер болатынын айтты.

- Тони Фергюсон дайын болса, жекпе-жекке шығады. Бұған дейін жасалған ұсыныстан бас тартқан еді. Егер ол дайын болса, кезек соныкі, - деді UFC басшысы.

Фергюсон мен Нурмагомедов төрт рет кездесу өткізуге тырысқан болатын.

2015 жылы желтоқсанда файтерлер The Ultimate Fighter 22 финалында кездесуі керек болған, алайда Хабиб жарақатына байланысты турнирді жалғастырмады.

Ал 2016 жылдың сәуірінде Фергюсонның өкпесінде ақау болды, 2017 жылы дағыстандық салмақ қууға байланысты аурухаған түсіп қалған еді.

2018 жылы тізе жарақатын алып қалған америкалық файтер кездесуді кейінге шегерген болатын.

Фергюсон 25 рет жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліс тапқан. Нурмагомедов 28 жекпе-жек өткізіп, ешқайсысында да жеңілмеген.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер