Бокс

GGG: Тек Канелоға ғана тіреліп қалмаймыз

GGG: Тек Канелоға ғана тіреліп қалмаймыз
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Канеломен үшінші жекпе-жегінің не үшін өткізілмегенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Мен онымен қыркүйек айында жұдырықтасуға дайын едім. Бірақ олар шаршы алаңға шығудан бас тартты. Бұл - олардың шешімі.

Сондықтан барлық сұрақтарды соларға қойыңыздар. Мен әрі қарай жылжимын. Біздің де өз жоспарларымыз бар. Тек Альвареске ғана тіреліп қалмаймыз», - деді Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Геннадий Головкин IBF атағы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жек болатынын ресми түрде жариялады.

Сондай - ақ, қазақстандық боксшы әлемнің үздік промоутерлерінің бірі Эдди Хирнмен серіктес атанды.

Атақты әрі бай: Головкиннің жаңа промоутері кім?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер