PROСПОРТ-блог

Атақты әрі бай: Головкиннің жаңа промоутері кім?

Атақты әрі бай: Головкиннің жаңа промоутері кім?
news-banner7
mobile-news-top

Бірнеше беделді БАҚ Геннадий Головкиннің жаңа промоутері атақты британиялық кәсіпкер Эдди Хирн болатынын хабарлаған болатын.

Boxingscene.com порталының журналисі Джейк Донованның пайымдауынша, 5 қазанға жоспарланған Сергей Деревянченко мен GGG жекпе-жегі өз күшінде қалады. Аталмыш промоутермен жұмыс істеу Головкинге де күш береді.

Эдди Хирн деген кім? Prosports.kz сайты егжей-тегжейлі талқылайды.

Британдық промоутер Эдди Хирн соңғы бес жылда табысын төрт есеге арттырды. Оның отбасысы бүгінде әлемнің мықты боксшыларының басын қосқан (Энтони Джошуа, Райан Барнетт, Джеймс Дигейл ,Халид Яфай, Тони Белью, Александр Усик, т.б) Matchroom Sport компаниясын басқарып отыр.

Matchroom Sport компаниясын 1982 жылы Эддидің әкесі Барри Хирн құрды. Ол өз ұлын 2004 жылы директор етіп тағайындады, сол кезде заңгер дипломын енді алған Эддидің жасы 25-те болды. Сол кезде компанияның есеп бойынша фирманың түсімі 7,5 млн фунт, ал таза пайда тек 380 мың фунтты құраған болатын.

Бес жыл ішінде Эдди Хирн компанияның табысын 14,6 млн фунтқа дейін ұлғайтты, бірақ бұл жеткіліксіз болды. 30 жастан асқан Хирн дартс, снукер спортынан табыс табуды көздеді. Алайда промоутер айналып келіп боксқа қайта оралды.

Эдди үш атақты британиялық боксшылар - Карл Фрочпен, Даррен Баркермен және Келл Брукпен келісімшартқа қол қойды. Үшеуі Хирннің табысты жұмысының арқасында әлем чемпионы атанды. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Энтони Джошуа алтын алып, Хирн Джошуа кәсіпқой боксқа ауысуды өтінді. Джошуаның дебюті 2013 жылдың 5 қазанында өтті және ол бірінші раундта жеңіліп көрмеген Эммануэль Леоны нокаутқа жіберді. Хирн миллиондап табыс әкелетін алтын баланы құрықтады.

2016 жылы Джошуа Чарльз Мартинмен чемпиондық кездесуге шықты. Джошуа Мартинді екінші раундта нокаутқа жіберіп, IBF нұсқасы бойынша титулды иеленді. Ауыр салмақтағы боксшының жекпе-жектерін pay-per-view (ақылы телекөрсетілім) арқылы сатқан Хирннің фирмасы табысын екі есеге ұлғайтты (34,4 млн фунттан 70,5 млн фунтқа дейін).

Matchroom Boxing компаниясы Sky Sports арнасымен 2021 жылға дейін келісімшарт жасасты. 2014 жылы Уэмбли стадионында өткен Джорджа Гроувза мен Карл Фроч реваншы 80 мың көрерменді жинап, британиялық бокстың абсолютті рекордын орнатты. Жекпе-жек әлем бойынша таратылып, соңғы 15 жылдағы кәсіби бокс әлеміндегі ең ауқымды шаралардың бірі болды.

Эдди Хирн Британиядағы өзінің басты бәсекелесі Фрэнк Уорреннен басып озды. 7 жыл ішінде Эдди Хирн 130-дан астам бокс кештерін ұйымдастырды.

Хирннің компаниясы және DAZN иелік ететін Perform Group өткен жылдың мамыр айында келісімге қол қойды. Бұл келісімшарттың құны 1 млрд долларды құрады. DAZN-мен ынтымақтастық Хирн табысын күрт өсірді.

Есеп бойынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша Matchroom Boxing-тің табысы 132,8 млн фунт құрады, компания акцияларының құны 7 жыл ішінде 18 есеге өсті. Хирннің табысы қазіргі таңда 400 млн долларды құрайды.

Әйгілі промоутердің қанатының астында әлемнің атақты боксшылары жұдырықтасады. Кезек Головкинге де келді...

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер