Айдос Ербосынұлы белбеулерін қорғап қалды

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы Аустралияда өткен кеште екінші орта салмақтағы WBC Asia, WBO Global және WBA International белбеулерін қорғап қалды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жеңіліс дәмін татпаған Айдос Ербосынұлы Сиднейде жергілікті боксшы окки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіріп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз үш бірдей белбеуін қорғап қалды.
Бұған дейін аталмыш кеште тағы бір қазақстандық боксшы шаршы алаңға шыққан болатын. Нұрсұлтан Жаңабаев жергілікті боксшы Стив Гагомен (11-0, 4 КО) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или