Бокс

Қазақ боксшысы Аустралияда үш титулды жеңіп алды

Қазақ боксшысы Аустралияда үш титулды жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Аустралияның Сидней қаласындағы ICC Exhibition Centre алаңында өткен бокс кешінде қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев титулдарын қорғап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Нұрсұлтан Жаңабаев жергілікті боксшы Стив Гагомен (11-0, 4 КО) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы WBA Inter-Continental белбеуін қорғап, WBO Global және IBF Pan Pacific титулдарын иемденді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Жаңбаев наурыз айында Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірінде венесуэлалық қарсыласы Иван Матутені (28-1-23 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер