ГЛАВНАЯ
Неймар зорлау ісі бойынша айыпталмайтын болды
Неймар зорлау ісі бойынша айыпталмайтын болды

Париждің ПСЖ командасының шабуылшысы Неймарға қыз зорлады деген айып тағылған болатын.
UOL Esporte ақпараты бойынша, полиция сәнқой Нажила Триндадидің сөздерін жоққа шығарды. Ойыншының кінәсін дәлелдейтін айғақ жеткіліксіз болғандықтан Неймарға қарсы іс қозғалмайтын болды.
Еске сала кетейік, 31 мамырда Сан-Паулу полициясына шағым түсірген екен. Онда ол 15 мамыр күні Париждегі қонақүйлердің бірінде танымал футболшы Неймар өзін зорлағанын мәлім еткен.
Десе де футболшының адвокаттары аталған жаламен келіспейтіндіктерін жеткізді. Айтуларынша бойжеткен арызды қайтарып алу үшін, қыруар көлемдегі ақша талап еткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или