30 шілде

Сауль Альварес соңғы жауабын айтпады

Журналист
Сауль Альварес соңғы жауабын айтпады

Орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске берілген дедлайн мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Канело» IBF белдігіне міндетті қарсыласы Сергей Деревченкомен жекпе-жек өткізіп, титулын қорғау туралы шешім қабылдау уақытын кейінге қалдыруға мүмкіндік алды. 

BoxingScene.com басылымының жазуынша, бастапқыда мексикалыққа нақты шешім қабылдауға дүйсенбіге дейін уақыт берілгенімен, бұл мерзім қайтадан ұзартылып отыр. Бірақ, қанша уақыт берілгені белгісіз.

«Командалар арасындағы келіссөздердің нәтижесінде IBF-ке соңғы жауапты айтатын уақыт кейінге қалдырылды. Дереккөздердің ақпаратына сүйенсек, бұл шешім келіссөзде ілгерілеу болуына байланысты қабылданып отыр. Қос тараптың келісімге келіп, жекпе-жектің өтуінен үміт бар», - деп жазады басылым.

Айта кетейік, бастапқыда Альварестің командасы федерацияның титулды міндетті қорғау туралы хатын елемеген еді. Бірақ кейіннен украиналық Сергей Деревянченкомен келіссөздерді бастады.

Егер бұл жекпе-жек өтпесе мексикалық боксшы аталған титулдан айырылады. Онда бұл белдік үшін қазақстандық Геннадий Головкин кезесу өткізуі мүмкін. 

«Канело» Головкинге титулды жекпе-жек пен қарсыласын бере сала ма?

Головкин IBF белбеуін қайтарып алуы мүмкін

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.