Латвияның Биатлон федерациясының президенті пара алды деп ұсталды
Латвияның Биатлон федерациясының президенті және Халықаралық биатлоншылар одағы басшысының лауазымына кандидат Байба Брока пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>43 жасар Брокаға €20 мың көлемінде пара алды деген күдік тағылуда. Қаражат Латвияның Биатлон федерациясы тарапынан қайырымдылық қаржы ретінде тіркелген. </span>
<span>Сонымен қатар, Брока – Рига думасының депутаты және Латвия университеті ректорының орынбасары. Жоғары оқу орны оны тергеуге байланысты міндеттерінен босатты.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или