Қазақстан құрамасы Аустралиядан жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасы Аустралиядан жеңіліп қалды

<span>Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында еліміздің ерлер құрамасы екінші кездесуінде Аустралиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. </span>

<span>Естеріңізге сала кетелік, ерлер құрамасы В тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - АҚШ, Хорватия және Аустралия құрамалары. </span>

<span>Бүгінгі күнге дейін олар испан ватерполшыларынан 7:16 есебімен жеңіліп қалған еді . Жігіттер әлем чемпионатында 7 мәрте бақ сынап жатыр. Әзірге ең жоғары жетістігі ретінде 1998 жылы 11 орын алғаны саналады. Енді біздің жігіттер 19 шілдеде 19 шілдеде Хорватиямен кездеседі. Бүгін В тобындағы тағы бір кездесуде Хорватия АҚШ-ты 17:7 есебімен жеңді. </span>

<span>Сондай-ақ, әлем чемпионатында еліміздің қыздар құрамасы да екі кездесу өткізіп үлгерді. Қыздар алдымен Кубадан 9:6 есебімен басым түсіп, одан кейін Испаниядан 8:16 есебімен жеңіліп қалды. Енді қыздар 18 шілдеде Грекиямен шеберлік байқасады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или