«Астана» мен «Ордабасы» сырт алаңда жеңіске жетті

«Астана» мен «Ордабасы» сырт алаңда жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 5 шілде футболдан Қазақстан чемпионатының 17-ші туры аясында екі ойын өтті, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетерлігі, бүгін бақ сынаған төрт команданың бәрі келесі апта еурододада ел намысын қорғайды. Оның үстіне биыл да ел чемпионатында жүлдеге таласатын басты фавориттер осылар екені тағы бар.

Бірақ, қос ойын да жанкүйер күткендей қызықты бола қойған жоқ. Қатар тұрған қос команданың кездесуі қашан да алты ұпайға бағаланады. Сол үшін қарсыластар барынша сақ ойнауға тырысты.

Бір қызығы, бүгін өткен турда жеңілген командалар жеңіске жетті. Ал өткен турда үш ұпай алған «Тобыл» мен «Қайрат» бүгін өз алаңдарында жеңіліске ұшырады.

«Тобыл» өткен турдан кейін екі ойыны көп «Астанадан» үш ұпай озып кеткен еді. Егер бүгін жеңіске жетсе ұпай айырмасы 6 ұпайға жетер еді. Оған ойналмаған екі ойынды қоссақ, ел чемпиондарынан ұпай айырмасы тіптен көп болатын.

Алайда, елордалықтар бұған мүмкіндік берген жоқ. Командаға жақында ғана келген Рунар Сигурьонссон мен Марин Томасов соққан гол қостанайлықтардың аптығын басты. Чемпиондыққа тартыс қыза түсті.

КПЛ. 17 тур

«Тобол» (Костанай) – «Астана» (Нур-Султан) 0:2 (0:0)

Гол соққандар: Сигурьонссон 54, Томасов 77

Ал өткен турда сырт алаңда «Астананы» жеңіп, айдарынан жел ескен алматылықтар білгенінен жеңілді. Өз алаңында шымкенттік командадан жеңіліп, жанкүйерлерін жерге қаратты. Осылайша, өз алаңында екі тур қатарынан жеңіске жете алмады.

«Қайрат» (Алматы) – «Ордабасы» (Шымкент) 0:1 (0:0)

Гол: Бадибанга 90

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер