Beautiful Football

Арыста футбол тірі

Арыста футбол тірі
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz сайты төменгі лиганың көркін қыздырып жүрген, жанкүйерлердің көзайымына айналған «Арыс» футбол клубы жайлы баяндап бермек.

24 маусым күні Арыстың тұрғындары қаладан жаппай қашып, жақын маңдағы елді-мекендерде бас сауғалады. Өздеріңіз білетіндей, қала жанындағы әскері бөлімдегі қару-жарақ сақтайтын қоймада жарылыс болды. Бір апта бойы Қазақстан халқы бірлігін көрсетіп, арыстық ағайындарға барынша қолдау жасады.

ÐадÑÑ Ð¸Ð· ÐÑÑÑи поÑле взÑÑвов

Арыс Түркістан облысында орналасқан. Қалада 45 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Қатардағы қала, ешбір ерекшелігі жоқ. 2018 жылға дейін бұл елді-мекенде футбол клубы болмаған. Тек Арыс деп аталатын спорт мектебі болған екен. Түркістан облыс статусын алғаннан соң Арыс қаласында футбол клубы құрылды. Ұжымда кіл жергілікті жастар. Маусым басталмай тұрып ешкім оларды Екінші лигада көш бастайды деп ойламаса керек.

Тіркелген 25 ойыншының барлығы 1996 жылдан кіші жастар. Қазірге дейін олар Екінші лигада 35 гол соғып, өз қақпасына бар болғаны 14 доп жіберген. 14 ойында 36 ұпай жинап, тек екеуінде жеңіліс тапқан екен. Қалған кездесулерінде қарсыластарына есе жібермеген. Ал үздік сұрмергендер тізімінде «Арыстың» екі бірдей футболшысы бар.

ÐакдаÑÐ»ÐµÑ Ð ÑÑбеков ÑвлÑеÑÑÑ Ð¾Ð´Ð½Ð¸Ð¼ из лидеÑов Ñаздевалки - инÑеÑвÑÑ Ñ Ð½Ð¸Ð¼ имеÑÑ Ð±Ð¾Ð»ÑÑой ÑпÑоÑ

Ғалымжан Есенбаев бастаған жаттықтырушылар тобы жас жігіттерге қалай жігер беріп, жеңіске жетелеу керек екенін жақсы біледі. «Арыс» ел біріншілігінің екінші жартысында бұл деңгейден түспесе, оларды келесі жылы Бірінші лигадан көруіміз әбден мүмкін.

Кішкентай қала, инфрақұрылым дамымаған, соңғы жарылыстар - мұны естіген адам қандай футбол деп сұрауы мүмкін. Алайда «Арыс» футбол клубы оңай шағылар жаңғақ емес. Жас футболшыларымыздың мақсаты - Бірінші лига!

Арыс - тірі. Футбол да - тірі.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер