Ресми: Аслан Дарабаев – «Жетісу» клубының ойыншысы атанды

Ресми: Аслан Дарабаев – «Жетісу» клубының ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Мамыр айында «Ертістен» кеткен Аслан Дарабаев талдықорғандық «Жетісумен» келісімшартқа отырды.

Бұл туралы талдықорғандық клуб ресми xабарлады. Аслан Дарабаев Қарағанды футболының түлегі. Премьер-лигадағы алғашқы матчын 2008 жылы 30 наурыз күні «Шахтер» сапында өткізген. Қарағандылық клубта Дарабаев 56 ойынға қатысып, 4 гол соққан. Сондай ақ, Аслан «Ақтөбеде» (51 матч, 6 гол), «Атырау» (8 матч), «Қайрат» (57 матч, 10 гол) өткізген. 2016 жылы керекулік «Ертіске» ауысып, бұл ұжымның жейдесін киіп алаңға 32 мәрте шығып, 5 мәрте мергендік танытқан. Ал, өткен маусымды қостанайлық «Тобыл» футболшысы ретінде өткізді.

«Тобылдан» «Ертіске» өткен жылдың желтоқсан айында қайта оралып, мамыр айына дейін алаңға 7 рет шығып, 1 доп соқты.

Еске сала кетейік, Димитар Димитров бапкерлік қызметтен кеткеннен кейін, футболшы «Ертіспен» мамыр айының басында өз шешімі бойынша келісімшартты бұзған еді.

«Жетісу» футбол клубы ҚПЛ-дың алтыншы сатысына жайғасып тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер