Жаға ұстатты

Сирияға кеткен ақтөбелік футболшының әйелі мен отбасы елге оралды

Сирияға кеткен ақтөбелік футболшының әйелі мен отбасы елге оралды
news-banner7
mobile-news-top

«Жусан» операциясымен елге оралған отандастарымыздың қатарында ақтөбелік футболшының отбасы бар болып шықты. Бұл туралы holanews.kz жазды.

«Ақжайық» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Айбек Ғұбайдуллин отбасымен Сирияға із-түссіз кеткен.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек «Жусан» операциясының үш кезеңінде 516 қазақстандық елге қайтарылған. Соның 357-і бала, 159-ы ересек адам. Алайда «халифат» деп, «жиһад» деп жұмақ іздеп қашып кеткендердің саны мұнымен шектелмейді. Биыл мамыр айының 28-31 аралығында Сириядан 67 әйел, 171 бала «Жусан – 3» операциясы арқылы еліне жеткізілген.

Айта кетсек, 2015 жылдың 12 қаңтарында «Ақжайық» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Айбек Ғұбайдуллинге іздеу жарияланған. Ол сәләфилік жолды ұстанған. Кейіннен 2014 жылы Ақтау – Ыстамбұл сапарымен Түркияға, одан әрі Сирияға жеткен. Сол сәттен бастап бейбіт тұрғындар мен Сирияның үкіметтік әскеріне қарсы қарулы соғыс ашқан лаңкестік топтың құрамында қолына қару алып, соғысқа қатысқан. Оның үстінен еліміздің Қылмыстық кодекісінің 257-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 2014 жылдың 31 желтоқсанында Орал қалалық соты А.Ғұбайдуллинді тұтқындауға санкция берді. 2015 жылдың қаңтар айында халықаралық іздеу жарияланды.

Футболшының бала-шағасы елге оралды.

«Немерелерімнің аман-есен елге келгеніне өте қуаныштымын! Қашан көзіммен көріп, қолыммен ұстаймын?» деген арманыма жеттім. Сол қуанышымды сізбен бөліскім келді. Олар дәл қазіргі уақытта Маңғыстау облысындағы оңалту орталығында. Көргенше тағатым таусылып отырмын…», – деді Айбек Ғұбайдуллиннің анасы Сара.

Сухайла биыл – 7 жаста. Якуб – алтыда. Келіні Диананың Айбектен соң тиген күйеуінен тағы 2 баласы бар. Төрт жылдан бері ұлын ойлап, қатты күйзеліске түскен ананың ендігі арманы – Айбектің көзіндей болған немерелерін бағып-қағып, азамат етіп өсіру. Сара апа 2015 жылы 2 қазанда Айбекпен соңғы рет сөйлескен.

«Мені уайымдама, өзіңді күт!» деген соңғы сөзі әлі құлағымда жаңғырып тұр…», – дейді кейуана.

2015 жылдың 6 қазан күні туған құдағиынан Айбектің қазаға ұшырағанын естіпті. Бірақ ресми орындардан ұлының қайтыс болғаны туралы хабар алмаған соң «балам әлі іздеуде» дейді. Үміт отын өшірмеген ана жүрегі «Жусан» операциясына байланып қалғандай.

Қорыта келгенде, «Жусан» операциясының үш кезеңімен Сириядан елге жеткізілгендердің арасында ата-анасынан айырылған балалар, ДАИШ- тың құрамында соғысып, содырлар қатарында болған отандастарымыз болды. Жапа шеккендерді өздерінің тұрғылықты қалаларына жеткізіліп, тергеуге алынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер