PROСПОРТ-блог
Футбол

Осы жазда мансабын аяқтаған ойыншылар|ТОП-10

Осы жазда мансабын аяқтаған ойыншылар|ТОП-10
news-banner7
mobile-news-top

Спорт саласына өзіндік із қалдырған, талай додада топ жарған бірнеше аңыз футболшылар спортпен қош айтысты. Prosports.kz порталы осы жазда мансабын аяқтаған футболшылар тізімін ұсынады.

Петр Чех: 36 жаста

Клуб: «Хмел», «Спарта», «Ренн», «Челси», «Арсенал»

Чехия құрамасы: 124 матч

Петр Чех - әлемдегі үздік қақпашылардың бірі. 2006 жылы «Челси» – «Рединг» кездесуінде басынан ауыр жарақат алған қақпашы сол кезден бастап алаңға шлеммен шығып жүрді.

Қақпашы Англия чемпионаты мен еврокубоктік жарыстарда көптеген жүлделерге қол жеткізді. Қақпашы 2004 жылы Чехиямен бірге Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Габор Кирай: 43 жаста

Клуб: «Халадаш», «Герта», «Кристал Пэлас», «Вест Хэм», «Астон Вилла», «Бернли», «Байер», «Мюнхен 1860», «Фулхэм»

Венгрия құрамасы: 108 матч

Венгриялық голкипер чехиялық әріптесі Петр Чехтен қалыспайды. Кирай Венгрия құрамасы сапында өткізген матчтар саны бойынша рекорд орнатса, ЕУРО-2016 турнирінің финалдық кезеңінде өнер көрсеткен жасы жеткен ойыншылар қатарына енді. Ол кезде қақпашының жасы қырыққа келген болатын.

Жаттығу шалбарымен ойнаған Габор көптің есінде қалады деп ойлаймыз.

Рене Адлер: 34 жаста

Клуб: «Байер», «Гамбург», «Майнц»

Германия құрамасы: 12 матч

Талантты қақпашы Рене Адлер өзінің 22 жасында әйгілі «Байер» клубының және Германия құрамасының намысын қорғады. 2010 жылы өткен әлем чемпионатына жолдама алған ойыншы мундиаль басталмастан бұрын ауыр жарақат алып қалып, өз орнын Мануэль Нойерге босатып берді.

«Гамбург» пен «Майнц 05» намысын қорғаған голкипер 34 жасында мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

Джон О‘Ши: 38 жаста

Клуб: «Манчестер Юнайтед», «Борнмут», «Антверпен», «Сандерленд», «Рединг»

Ирландия құрамасы: 118 матч

1999 жылы МЮ сапында өнер көрсете бастаған Джон О‘Ши әлемнің үздік орталық қорғаушысы атанды.

2007 жылы «Тоттенхэммен» кездесуі кезінде мұрны сынған қақпашы Эдвин ван дер Сарды алмастырған футболшы «қызыл айдаһарлар» жанкүйерлерінің мәңгі есінде қалатыны анық.

Андреа Бардзальи: 37 жаста

Клуб: «Рондинелла», «Пистойезе», «Асколи», «Кьево», «Палермо», «Вольфсбург», «Ювентус»

Италия құрамасы: 73 матч

Футболдағы атақ-даңққа қорғаушы кештеу қол жеткізді. 2011 жылы «Ювентус» сапына ауысқан ойыншы туриндік клубқа Италия чемпионатын жеңіп алуға көмектесті. Осы себепті де Бардзальиді «Ескі синьорлар» командасы «Қабырға» деп атап кеткен.

Хави Эрнандес: 39 жаста

Клуб: «Барселона», «Аль-Садд»

Испания құрамасы: 133 матч

«Барселона» клубының түлегі аталмыш клуб сапында өткізген матч бойынша рекорд орнатты. Ол каталондық ұжыммен бірге 25 жүлдеге қол жеткізді. Футболшы әлем чемпионатын екі рет, еуропа чемпионатын бір рет ұтып алған болатын.

Осы жаздан бастап футболшы өзін бапкерлік қырынан сынап көрмек.

Тимофей Калачев: 38 жаста

Клуб: «Днепр» (М), «Вейно», «Шахтер» (С), «Шахтер» (Д), «Ильичевец», «Химки», «Крылья Советов», «Ростов»

Белорусия құрамасы: 76 матч

Бұл футболшы әлем және Еуропа чемпионатында ойнамаса да, өз ісінің маманы ретінде футбол саласында аты қалатынына сенімдіміз. Белорусиялық хавбектің щеберлігін Жозе Моуриньо, Құрбан Бердыевтер мақтанышпен айтқан болатын.

«Зенитпен» болған матчта мансабымен қош айтысқан футболшыны жанкүйерлер зор қошеметпен шығарып салды.

Йоси Бенаюн: 39 жаста

Клуб: «Хапоэль Б-Ш», «Маккаби» (Х), «Расинг», «Вест Хэм», «Ливерпуль», «Челси», «Арсенал», «Куинз Парк Рейнджерс», «Маккаби» (Т-А), «Бейтар» (И), «Маккаби» (П-Т)

Израиль құрамасы: 102 матч

Израиль құрамасындағы әлемге танылған футболшы Йоси Бенаюн 18 жасында ұлттық құрамада доп теуіп, негізгі ойыншыларына айналды. Осылайша, Израиль құрамасында өткізген кездесулер саны бойынша рекорд орнатты.

Бенаюн «Вест Хэм», «Ливерпуль», «Арсенал» және «Челси» сапында өнер көрсеткен. 2013 жылы «ақсүйектермен» бірге Еуропа лигаын жеңіп алды.

Робин ван Перси: 35 жаста

Клубы: «Фейеноорд», «Арсенал», «Манчестер Юнайтед», «Фенербахче»

Нидерланды құрамасы: 102 матч

Шабуылшы өзі доп тепкен клубтарда бапкерлермен жақсы қарым-өатынаста болмаса да, жанкүйерлердің арасында аса танымал болды.

Голландиялық сұрмергеннің 2014 жылы Бразилиядағы өткен әлем чемпионатында соққан голы тарихтағы үздік голдардың қатарына енді.

Карлос Тевес: 35 жаста

Клубы: «Бока Хуниорс», «Коринтианс», «Вест Хэм», «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Ювентус», «Шанхай Шеньхуа»

Аргентина құрамасы: 76 матч

Футболшы мансабын аяқтағанын ресми тұрде мәлім етпеді. Алайда Тевес осы жылдың тамыз-қыркүйек айында жанкүйерлермен қоштасу ойынын өткізгісі келетінін айтқан болатын.

Шабуылшы 2004 жылы Афины олимпиадасындағы ойыны арқылы көптеген жанкүйерлердің арасында танымал болды. Карлос Грекия жерінде Аргентина құрамасымен алтын медальға қол жеткізді. Осыдан кейін футболшы Еуропадағы үздік клубтар назарына ілікті.

Қосымша. Давид Лория: 37 жаста

Клуб: «Женис», «Есиль», «Шахтер», «Хальмстад», «Спартак-Нальчик», «Локомотив» (Астана), «Ертіс», «Ризеспор», «Қайрат», «Каршияка», «Ордабасы», «Оқжетпес»

Қазақстан құрамасы: 45 матч

Давид Лория Қазақстан Премьер-лигасын 3 мәрте, ал ел кубогын 2 рет жеңіп алған. Оған қоса 2006 жылы Қазақстанның үздік футболшысы деп танылған. 37 жастағы қақпашы ауыр жарақатының салдарынан мансабын аяқтады.

Айта кетейік, Лория қақпашылар арасында құрамада ойнау бойынша рекорд иесі. Ол ұлттық команда сапында 45 матчқа қатысқан.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер