Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатында күміспен күптелді

Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатында күміспен күптелді
<p> <strong>Қытайдың Цзиньцзян қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты аяқталды. &nbsp;Аталмыш құрлықтық біріншілікке Қазақстан толық құрам: екі ерлер және екі әйелдер құрамасымен қатысты.</strong></p> <p> Құрамында Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов ойнайтын құраманың екінші нөмірлі жұбы аталмыш сайыста екінші орынды иеленді. &nbsp;Бұл жетістік қос волейболшы үшін маңызды болып саналады. Екеуі де қазақстандық волейболдың тәрбиеленушілері: Яковлев Дмитрий &ndash; павлодарлық &nbsp;волейбол мектебінің, ал Кулешов &ndash; ақтаулық мектептің тәрбиеленушісі.&nbsp;</p> <p> Ал, құраманың бірінші нөмірлі жұбы, 2013 жылғы Азия чемпионы Сидоренко-Дьяченко сайысты тоғызыншы орынмен аяқтады. Әйелдер құрамасының екінші нөмірлі жұбы да дәл осындай нәтижені тіркеді. Ал, Татьяна Машкова &nbsp;мен Ирина Цимбалова өнер көрсететін бірінші нөмірлі құрама бесінші орынға табан тіреп, нәтижесінде &nbsp;азиялық рейтингте екі сатыға төмендеді. Өткен жылы Машкова-Цимбалова жұбы жағажай волейболынан Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или