Суарес Кьеллиниді тістеп алған соң психологқа барған

Суарес Кьеллиниді тістеп алған соң психологқа барған

«Барселонаның» шабуылшысы Луис Суарес 2014 жылғы әлем чемпионатында Италия құрамасының қорғаушысы Джорджио Кьеллиниді тістеп алғаннан кейін психологқа жүгінгенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Сол матчтан кейін әйеліммен сөйлестім. Оған біздің қақтығысып қалғанымызды айттым, ал кейін психологқа жүгіндім. Бұл қателерімді түсініп, балалықты тастауыма көмектесті. Өз отбасым мен командадағы әріптестерімді жарға жыққандай сезімде болдым», - деді Суарес.

Естеріңізге салсақ, Уругвай құрамасының форварды Суарес 2014 жылғы әлем чемпионатында Кьеллиниді тістеп алғаны үшін жазаланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или