Михал Билек: Арқамнан ауыр жүк түскендей болды

Михал Билек: Арқамнан ауыр жүк түскендей болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Сан-Мариноға(4:0) қарсы матчтан кейін журналистерге сұқбат берді.

- Осы іріктеу кезеңінде 10 ұпайдан артық жинай аламыз ба?

- Біз ұпай санына көп мән бермейміз. 4 матчта 6 ұпай алғанымыз жақсы жетістік. Бүгін сенімді жеңіске жеттік. Енді келесі кездесулерге дайындалу қажет.

- Алғашқы 40 минутта командада басымдылық болғанымен, шабуылдар нәтижесіз аяқталып жатты. Оны немен байланыстыруға болады?

- Бізде басымдық болғаны рас. Бірақ қарсылас команданың қақпашысы үлкен шеберлік көрсетті. Қорғанысты бұзып өту де қиынған соқты. Үзіліс алдында есеп ашып алғанымыз өте жақсы болды.

- Есепке қарасақ, команданың сенімді жеңгеніне көз жеткіземіз. Алайда, ойын барысында көп қателіктер жібердік. Біз үшін екінші нөмірмен ойнаған қолайлы ма?

- Жылдам ойнауға тырыстық. Қарсыластың да бірнеше матчтарын сараптама жасап, тыңғылықты дайындалдық. Бірінші голдан кейін өзімізді еркін сезіндік.

- 44-минутта өзіңізді қалай сезіндіңіз?

- Арқамнан ауыр жүк түскендей болды. Қайталап айтамын, алғашқы гол бізге үлкен көмек тигізді.

- Матчқа 18 000 көрермен жиналды. Жанкүйердің көп жиналғаны сіз үшін тосын сый болды ма?

- Белсенді қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлерге алғыс білдіргім келеді. Келесі ойындарда да қызу қолдау болады деген үміттемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер