Қазақстан жастар құрамасы Черногорияны жеңді

Қазақстан жастар құрамасы Черногорияны жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан жастар құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Алтыншы топтағы бірінші ойында Александр Москаленко командасы сырт алаңда Фарер аралдарын жеңген еді. Ол матч 3:1 есебімен Қазақстанның пайдасына шешілген болатын.

Екінші кездесуде бізді Черногория жастары күтіп тұрды. Подгорицадағы матч жерлестеріміз үшін сәтсіз басталды. Үшінші минутта Сағадат Тұрсынбай өз қақпасына гол соғып алды. Үзіліске дейін есеп өзгерген жоқ.

Матчтың екінші бөлігінде командамыз ойынды түбегейлі өзгертті. 62-ші минутта Еркебұлан Сейдахмет есепті теңестірді. Ал, төреші қосқан қосымша уақыттың төртінші минутында тыңнан қосылған Рамазан Каримов жеңісті жұлып алды.

Алғашқы екі матчта жеңіске жеткен Қазақстан мен Фарер аралдары көш бастап тұр.

Евро-2021. U-21.

Черногория U-21 – Қазақстан U-21 1:2 (0:0)

Голдар: Турсынбай 3 ( өз қақпасына – 1:0), Сейдахмет 62 (1:1), Каримов 90+4 (1:2)

Черногория U-21: Царевич, Рашо (Мердович 37), Маркович, Баранович, Н. Крстович, Вукотич, Крнич (Стиепович 63), Дринчич, Кордич (Миличкович 46), Скендерович (Сикулич 74), Вучичевич;

Казахстан U-21: Сейсен, Сағынаев, Орынбасар, Адахаджиев, Наджарян, Сейдахмет (Прокопенко 85), Бахтияров (Каримов 60), Пайруз, Әліп, Өміртаев (Бачек 60), Тұрсынбай.

Ескертулер: Әліп 56, Прокопенко 88

Төрешілер: Круашвили (Гузия)

11 маусым. Подгорица. Стадион «Под Горицом».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер