Қазақстан Сан-Мариноның күл-талқанын шығарды

Қазақстан Сан-Мариноның күл-талқанын шығарды
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны жеңді.

Матчты алаң қожайындары қарқынды бастады. Аладай бірінен кейін бірі жасалған шабуыл нәтиже бере қоймады. Есеп тек бірінші таймның соңында соғылды. Әріптесінен пас алған Исламбек Қуат қақпа маңындағы қарбалас сәтті пайдаланды. Михал Билектің шәкірттері екінші таймда жаттығудан дайындап келген әдістерінен барынша көп жүзеге асыруға әрекеттенді. Әсіресе, бұрыштама добын соққысы жойқын Ғафуржан Сүйімбаев не Дмитрий Шомконың ыңғайына көтеруге тырысты. Алаңға тыңнан шыққан Максим Федин 64-ші минутта есепті еселей түсті. Дмитрий Шомкодан әуелетіп пас алған Федин қарсылас қорғаушысын алдап өтіп, қақпаның жақын бұрышын дәл көздеді. Көзді ашып-жұмғанша жанкүйерлер тағы бір голдың куәсі болды. Бұрыштан көтерілген допты Ғафуржан Сүйімбаев жойқын соққысымен қақпаға тоғытты. Ал команда капитаны капитаны Бауыржан Исламхан ойын аяқталуға он минут қалғанда алыстан бағын сынап көріп, есепті 4:0-ге жеткізді.

Осылайша, қоржында 6 ұпайы бар Қазақстан құрамасы І тобында Бельгия мен Ресейден кейінгі үшінші орынға жайғасты.

ЕУРО-2020. І тобы

Қазақстан - Сан-Марино 4:0 (1:0)

Голдар: Қуат 45+1 (1:0), Федин 62 (2:0), Суюмбаев 65 (3:0), Исламхан 79 (4:0)

Қазақстан: Дмитрий Непогодов (Қ) - Ян Вороговский, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Ғафуржан Сүйімбаев, Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан (К), Абат Аймбетов, Бауыржан Тұрысбек.

Қосалқы құрам: Стас Покатилов (Қ), Игорь Шацкий (Қ) - Елдос Ахметов, Олжас Керімжанов, Абзал Бейсебеков, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Юрий Перцух, Георгий Жуков, Максим Федин, Тохтар Жаңғылышбай.

Бас бапкер - Михал Билек

Сан-Марино: Бенедеттини (Қ), Чезарини, Мик.Баттистини, Лунадеи, Ф.Витайоли, М.Витайоли (К), Нанни, Муларони, Грандони, Бролли, Л.Ченсони.

Қосалқы құрам:

Бас бапкер: Франко Варелла

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер