«Астана» «Марсельдің» шабуылшысына қызығып отыр

«Астана» «Марсельдің» шабуылшысына қызығып отыр

Елордалық «Астана» Грекия құрамасы мен франциялық «Марсельдің» шабуылшысы Константинос Митроглуға қызығушылық танытып отыр.

Mercato365.com порталының мәліметінше, 31 жастағы футболшыға қазақстандық командадан бөлек тағы бірнеше клуб көз салып отыр. Олардың ішінде грекиялық «Олимпиакос» та бар.

Айта кетейік, Костас Митроглу биылғы маусымды түркиялық «Галатасарайда» жалда өткізді. Нарықтағы құны - 7 миллион еуро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или