«Челси» Еуропа Лигасын ұтты
                  Бакудегі Еуропа Лигасының финалы «Челсидің» жеңісімен аяқталды.
«Арсенал» мен «Челси» арасындағы матч 4:1 есебімен көктердің пайдасына шешілді. 
Финалдық ойын Әзербайжан астанасы - Баку қаласында өтті. Олимпиадалық стадионға жиналған 70 мыңға жуық жанкүйер қызықты ойынды тамашалауға мүмкіндік алды.
Осылайша «Челси» «Арсеналдан» 4:1 есебімен басым түсті. 
Енді 2 маусым күні Испания астанасында Чемпиондар лигасының финалы өтеді. Ақтық сайыста Англияның тағы екі клубы «Ливерпуль» пен «Тоттенхэм» кездеседі.
ЧЕЛСИ - АРСЕНАЛ - 4:1 (0:0).
Голдар: Жиру, 49 (1:0). Педро, 60 (2:0). Азар, 65 - пенальтиден (3:0). Ивоби, 69 (3:1). Азар, 72 (4:1).
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или