«Ақтөбенің» экс-директоры Самат Смақовты сотқа берді

«Ақтөбенің» экс-директоры Самат Смақовты сотқа берді
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» футбол клубының экс-директоры Дмитрий Васильев клубтың қазіргі таңдағы басшысы Самат Смақовтың үстінен арызданды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Diapazon порталына сілтеме жасап.

Заңға сүйенсек, мүліктің ақшасын Смақов БАҚ өкілдеріне айтқандай 7 жылда емес, 30 күнде төлеуі тиіс. Әрине, барлық тарапты алдын-ала ескерсек, қарыз қайтарудың уақытын 3 жылға дейін созуға болады.

Сондай ақ, Смақовтың сұқбатынан байқағанымыздай, қарыз жеке тұлғаның есебімен емес, бірнеше тараптан төленіп жатыр. Оның ішінде бюджеттің қаржысы да бар. Егер бұл сотта дәлелденсе қылмыстық іс болып саналады, - деді «Ақтөбенің» бұрынғы басшысы.

Айта кетейік, Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубын өткен жылдың қаңтар айында 7 жылға сенімгерлік басқаруға алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер