«Астана» - «Тобыл» кездесуі Нұр-Сұлтанда өтеді

«Астана» - «Тобыл» кездесуі Нұр-Сұлтанда өтеді

Келесі демалыс күндері - 18-ші және 19-шы мамыр күндері елордада Назарбаев Университетінің спорт алаңында баскетболдан Ұлттық лиганың плей-офф кезеңі <span>1/2 финалы аясында </span>«Астана» қостанайлық «Тобылмен» кездеседі, деп жазады Prosprots.kz.

Айта кетейік, кезекті ел чемпионатының қорытындысы бойынша 1-ден 4-ші орынға ие болған командалар чемпион атағын қорғау үшін тартыс жүргізуде. Атап айтқанда, тұрақты маусымның жеңімпазы «Астана»(1) қостанайлық «Тобылға» (4)  қарсы, ал вице-чемпион «Барсы Атырау» (2) жоғары лиганың 2017/2018 жылғы жеңімпазы «Алматинский Легион» (3) командасымен кездеседі. 

Плей-офф кезеңіндегі барлық матчтар, оның ішінде финал мен үшінші орын үшін кездесулер де өз алаңында және сырт алаңда жүйесіндегі екі ойыннан тұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или