Әлем футболы

«Ливерпуль» - финалда! «Барселона» жартылай финалда сүрінді

«Ливерпуль» - финалда! «Барселона» жартылай финалда сүрінді
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы финалисі анықталды, деп xабарлайды Prosports.kz сайты.

Камп-Ноуда «Ливерпульдің» қақпасына үш гол соғып, қарымта кездесуге айқын фаворит ретінде келген «Барселонаның» күл-талқаны шықты.

Бірінші таймда қорғаныстың қателігін пайдаланған Ориги есепті ашқан. Ойынның екінші бөлігінде Вейналдум есепті 2:0-ге жеткізді. Арада бірер минут өтпестен Вейналдум есепті еселей түсті. Ал 79-шы минутта Ориги дубль жасап, «қызық сойқандарды финалға» шығарды.

Чемпиондар лигасы. Жартылай финал. Қарымта матч

«Ливерпуль» (Англия) – «Барселона» (Испания) 4:0 (1:0)

Голдар: Ориги 7 (1:0), Вейналдум 54 (2:0), Вейналдум 56 (3:0), Ориги 79 (4:0)

Алғашқы матч: 0:3

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер