Волейбол

«Алтай» клубтық Азия чемпионатының қола медалін иелене алмады

news-banner7
mobile-news-top

Қытайлық Тяньцзинде әйел командалары арасында клубтық Азия чемпионатының үшінші орны үшін өткен матч аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қола медаль үшін өскемендік «Алтай» мен жапониялық «Хисамицу Спрингс» күш сынасты. Өкінішке қарай, жапониялық волейболшылар бұл ойында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, «Алтай» сары құрлықтың клубтар арасындағы ең басты додасында қатарынан төртінші жыл 4-орын алып отыр.

«Хисамицу Спрингс» (Жапония) – «Алтай» (Өскемен, Қазақстан) 3:1 (28:30, 25:21, 25:19, 25:13)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер