«Құпия» ақпарат
ММА

Асу Алмабаев әлемнің үздік ұйымымен келіссөз жүргізіп жатыр

Асу Алмабаев әлемнің үздік ұйымымен келіссөз жүргізіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асу Алмабаевқа UFC мен Bellator тұжырымдарынан ұсыныс түскен. Бұл туралы Octagon Pro» промоутерлік компаниясының басшысы Нұраддин Садық мәлімдеді.

- Біздің промоушеннің өкілі Асу Алмабаевқа UFC мен Bellator тұжырымдарында 61 келіде жұдырықтасу туралы ұсыныс болды. Алайда біз бұл ұсыныстан бас тарттық. Өйткені Асудың 61 келіде сынға түсуге дене бітімі келмейді. Оның бойы 165 сантиметр, ал 61 келіде бойы 175 сантиметр болатын жауынгерлер салмақ қуалап, жұдырықтасады.

Асудың жуық арада UFC мен Bellator-дан көріп қалуымыз әбден мүмкін. Әзірге 125 фунт (67 келі) салмақта өнер көрсету үшін басқа ұйымдарды қарастырып жатырмыз. Дәл қазір әлемге танымал, абыройлы тұжымдардың бірі - PFL-мен (Professional Fighters League) келіссөз үстіндеміз. Жақында жақсы жаңалықпен бөлісеміз деген ойдамын, - деді «Octagon Pro» промоутерлік компаниясының басшысы Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Асу Алмабаев мансабында 10 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде жеңіліс тапқан. Соңғы жекпе-жегінде M-1 Challenge 101 турнир аясында Пьер Люде қылқындыру әдісімен жеңді. Ал жақында Асу жаңадан құрылған «Octagon Pro» промоутерлік компаниясымен келісішартқа отырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер