Әлем футболы

Видео. «Спартактың» футболшысы жаяу жүргіншінің мұрнын сындырды

Видео. «Спартактың» футболшысы жаяу жүргіншінің мұрнын сындырды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Спартактың» жартылай қорғушысы Аяз Гулиев жаяу жүргіншіні көлігімен қағып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Московский комсомолец» басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 10:30-да Краснопрудная көшесінде орын алған. Гулиев өзінің «мерседес» көлігінде бағдаршамның қызыл түсі жанғанына қарамастан, жолда өтпекші болған ер адамды қаққан.

Куәгерлердің айтуынша, футболшы көлігінен түсіп өзі қаққан жаяу жүргіншіге тап берген. Жүргінші қашпақ болғанымен, Гулиев оны ұстап алып, екеуінің арасында төбелес басталған.

Орын алған төбелестен жаяу жүргіншінің (америкалық филолог Майкл Коу Джон Эли ) мұрны сынды.

Полиция тергеуіне түскен «Спартак» ойыншысы шетелдіктен кешірім сұрап, дәрігерге қаралуға ақша берген. Жәбірленуші де Гулиевке қарсы арыз түсірмеді.

Гулиевтің көлігінің атында 200-ден астам жол ережесін бұзушылық тіркелген екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер