Қазақ футболының неге «көсегесі көгермейді»
Өткен жексенбіде футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы елордадағы «Астана-Арена» алаңында 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Ресей құрамасымен кездескен болатын.
Футбол жанкүйерлері асыға күткен ойын қазақстандықтарды қуанта қойған жоқ. Өз алаңында өнер көрсеткен жерлестеріміз 0:4 есебімен жеңіліс тапты.
Тіпті қазақстандық футболшылардың қақпаға доп енгізуге де мүмкіндігі аз болды. Спорт комментаторлары «аздаған сәттілік жетіспеді» деп футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлерді жұбатқанымен, футболшылардың тәжірибесі жетіспегендігі тайға таңба басқандай баршамызға көрініп тұрды.
Әрине, бұл отандық футбол құрамасының алғашқы жеңілісі емес. Қазақ футболшыларына жеңіске жетуге кедергі болатын не?! Қаншама қаржыландырсақ та, неге Қазақ футболы неге дамымайды?!
Қазақ жерінде бұл спорт түрі 100 жыл бұрын пайда болса да, бүгінге дейін айитарлықтай биік белесті бағындыра алған жоқ. Тіпті, «сәтсіздікке» әбден еті үйреніп кеткен сияқты.
<span>Әрине, аталмыш салада Алматының «Қайраты», Елорданың «Астанасы», Қарағандының «Шахтері», «Ақтөбе», «Ертіс», «Ордабасы», «Тобыл» секілді футбол клубтарының сіңірген еңбектерін айтпай кетпеске болмайды. Алайда, осы командалардың ойыншыларынан жасақталған Қазақстанның құрамасы алаңға шыққанда өз өнерлерін толық көрсете алма жатады. Өнер көрсете алмағаны былай тұрсын, жай жеңіліспен шектеліп қалмай, ірі есеппен ұтылатынын қайтерсіз?! «Қазақ футболына еш жағдай жасалмаған» деп айтайын десең де, ҚПЛ клубтарына жыл сайынғы бөлінген қаржы сомасын көріп таң қаласың... Құмға сіңіп су секілді...</span>
<h2>Қаражат бөлінісі: қайда, қалай, қашан? </h2>Сонымен, қазақ футболының аяғына тұсау болған кедергілерді санамалап көрейікші.
1. Қазақстандық футболшылардың кәсіби шеерлігінің төмен деңгейі.
Ойыншыларымыздың физикалық дайындығы еуропалық деңгейде өнер көрсететін футболшылардан әлдеқайда төмен екені айдан анық. Ала доп шеберлерінің кәсіби деңгейін көтеру үшін елімізде заманауи базаны қалыптастыру қажет деп ойлаймын.
<span>Бүгінде ұлттық құрама сапында Бауыржан Исламхан, Еркебұлан Сейдахмет, Роман Муртазаев, Бауыржан Жолшиев, Ермек Қуантаев сынды алаңда жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүрген футболшылармыз бар. </span>