Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

61 келі салмаққа дейін сынға түскен Ақмолда Сайрамкез қоссайыс бойынша 257 келі ( 112 кг - жұлқа көтеру, 145 кг - серпе көтеру) салмақты көтеріп, алтыннан алқа тағынды. Бұдан бөлек, Ақмолда жұлқа және серпе көтеруде кіші күміс медаль алды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 8 наурыз басталып, 15 наурызға дейін жалғасады. Дүбірлі додаға 50 елден 200-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер