«Ақжайық» пен «Тобылдың» жасыратын түгі жоқ

«Ақжайық» пен «Тобылдың» жасыратын түгі жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz порталы өткен жартыжылдықта қазақстандық Премьер-лига клубтарының бюджетін зерттеді.

Басқа ҚПЛ клубтарымен салыстырғанда «Ақжайық» пен «Тобылдың» жасыратын түгі жоқ екенін байқадық. Бүге-шігесіне дейін алып қарасақ:

«Ақжайық» 2017 жылы жол сапар шығындарына 95 миллион теңге жұмсаған екен. Тұратын жері үшін – 64 миллион, тамаққа – 32 миллион теңге, спорттық құрал-жабдықтар, киім және т.б - 85 миллион теңге кетсе, ал Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына басшылыққа 118 млн сомаға түскен. Жалпы, оралдық клубтың жасыратын түгі жоқ.

«Тобыл» жылы іс-сапарлық шығындар 140 миллион теңгеге түскен. 2017 жылы қостанайлық клуб жалпы есеппен бюджеттен 4,2 миллиард және несие түрінде тағы 180 млн теңге алған. Клуб делдалдар мен агенттерге 124 миллионнан астам теңге жұмсаған.

17/18 маусымындағы ҚПЛ командаларының шығындары көрсетілген толық аналиткалық материалды назарларыңызға ұсынамыз.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер