Ақтөбелік жанкүйерлер жас хоккейшілердің жағасынан алды
Ақтөбеде жастар лигасы аясында өткен «Ақтөбе» мен «Барыс» клубтары арасындағы ойын жанжалмен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Матч кезінде мұзайдындағы хоккейшілер бірнеше мәртеп жұдырық ала жүгіріп, төбелескен. Ал артынша ойынға әбден берілген жанкүйерлер қонақ команданың хоккейшілеріне шабуыл жасады дейді куәгерлер.
Тәртіп бұзғандарды жазалау үшін төреші 142 минут айып уақытын берген.
Ал ойын аяқталғаннан соң қонақ команданың хоккейшілерінің қауіпсіздігі үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды қонақ үйге дейін жеткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или