Бокс

Әлімханұлы: Ломаченкодан қазақ боксшыларының еш жері кем емес

Әлімханұлы: Ломаченкодан қазақ боксшыларының еш жері кем емес

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің Инстаграм парақшасында орта салмақ чемпиондарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің салмағымның чемпиондары. Ұтылып қалмаңдар деп жазып қойдым. Бұйыртса, көп күттірмеймін. Өзімнің де көп күткім келмейді. Ломаченкодан қазақ боксшыларының еш жері кем емес. Біз де қысқа уақытта чемпиондармен жұдырықтаса аламыз. Бұйыртса аз қалды! Ең бастысы сенім және тынбай жаттығу қажет!», - деді Әлімханұлы.

Сондай-ақ, ол чемпиондардың әрқайсысына барып, белбеулерін алып кетуге уәде берді.

Естеріңізге салсақ, Жәнібек келесі жекпе-жегін 2 ақпанда АҚШ-та өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Стивен Мартинес болмақ.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0