«Ақтөбе» футбол клубы 108 миллион теңгеге сатылды

«Ақтөбе» футбол клубы 108 миллион теңгеге сатылды

Бүгін, 20 қараша күні «Ақтөбе» футбол клубын жеті жылға сенімгерлікпен басқаруға беру мақсатында үшінші кезекті конкурс өткізілді, деп хабарлайды prosports.kz сайты timeskz.kz-ге сілтеме жасап.

Осының алдындағы екі кезекті аукцион қатысушылардың болмауы себепті өтпей қалған болатын. Ал бүгінгі, үшінші реткі сауда сәтімен өтіп, клубты жеке тұлға сатып алған.

Аталған басылымның хабарлауынша, бұл ақпаратты Ақтөбе облысының коммуналдық меншікке арналған қаржы департаменті басшысының орынбасары Қайрат Раимқұлов растаған.

Қайрат Раимқұловтың айтуынша, бүгінгі аукционда бір ғана сатып алушы - жеке тұлға қатысқан. Сатып алушының аты-жөні билікке белгілі болғанымен, оны қазірше жариялаған жоқ. Ол аукционға қатысу үшін 15 миллион теңге төлесе, ал соңында 108 миллион теңге төлеп клубты сатып алған.

- Жеңімпаз түнгі 12-ге дейін электрондық хаттамаға қол қоюы керек. Құжатқа қол қойылмаған жағдайда, келісімшарт күшін жояды және аукцион жарамсыз деп танылады. Жеке тұлға хаттамаға қол қойғаннан кейін біз оның атын жариялаймыз, - деді <span>Қайрат Раимқұлов.</span> 

Осы саудаға жауапты адамдар сатып алушының аты-жөнін жарияламағанымен, бейресми дерек көздер ол адамның қазақ футболының ардагері, қазіргі таңда «Ақтөбе» футбол клубының директоры Самат Смақов екенін жарыса жазуда. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или