Ауыр атлетика

Раушан Мешітханова кіші күміске қол жеткізді

 Раушан Мешітханова кіші күміске қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Ашхабадта өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Раушан Мешітханова кіші күміске қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР ҰОК порталына сілтеме жасап.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Раушан қоссайыс қорытындысы бойынша 223 келі көтеріп, жалпы есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.

Алайда, Раушан әлемдік сында медальсіз қалған жоқ. Ол жұлқа көтеруде 108 келіні еңсеріп, кіші күміске иелік етті.

Ал Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Александр Зайчиков екі жаттығудан соң 9-шы орынды қанағат тұтты.

ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер