Алматыда «Буревестник кубогы» өтеді
Қарашаның 2-і мен 5-і аралығында Алматыда жағажай волейболдан ерлер командалары арасында бірінші xалықаралық «Буревестник кубогы» турнирінің жалауы желбірейді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ xабарлайды.

Жарысқа Қазақстан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және өзгеде мемлекеттерден келген 16 команда жарыс жолына шығады.

Турнир Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінде жағажай волейболының 2017-2020 FIVB қолдаған ресми ережесі бойынша өткізіледі. Волейбол додасы сағат 11:00 басталады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, диплом, кубок, ақшалай және естелік сыйлықтармен мараппатталады.

Айта кетер жайт, турнирдің басты мақсаты жағажай волейболын дамытып, ұлттық құрамаға басты үміткерлерді анықтау болып табылады.