Beautiful Football

Қазақстандық қақпашы португалиялық клубтан шақырту алды

Қазақстандық қақпашы португалиялық клубтан шақырту алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жас қақпашы Константин Пузанов португалиялық «Насьональ» (Фуншал) клубынан шақырту алды.

U-17 құрамалары арасында өткен Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінен соң 16 жасар қақпашыны поругалиялық команда қаралымнан өтуге шақырған. Қаралым 10 күнге созылмақ.

Қарағанды футболының түлегі соңғы екі жылдан бері Беларусь елінде өнер көрсетіп жүр. Қазіргі таңда ол Минскінің «Динамо» клубының жасөспірімдер командасында ойнайды. Сондай-ақ, Қазақстан жасөспірімдер құрмасының негізі қақпашысы.

Айта кетуі керек, әлемнің үздік ойыншыларының бірі Криштиану Роналду «Насьональ» клубының жасөспірімдер командасында 1995—1997 жылдар аралығында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер