Ресми: «Қайрат» Карлос Алос Феррермен қош айтысты

Ресми: «Қайрат» Карлос Алос Феррермен қош айтысты
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Карлос Алос Феррер қызметінен босады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы «Қайраттың» баспасөз қызметі мәлімдеді. Алматылық басшылығы команданың соңғы матчтарға сәтсіз нәтижелерінен соң испан бапкерімен келісімшартты екі жақтың келісімімен үзді. Алматылықтар ҚПЛ-дың аяқталуына 4 тур қалғанда көш басындағы «Астанадан» 10 ұпайға артта келеді.

Енді алматылық клубтың тізгінін келесі жылы неміс бапкері ұстайды. Алайда оның кім екенін Қайрат Боранбаев мәлім еткен жоқ. Ал жыл соңына дейін уақытша бапкер міндетін Андрей Карпович атқарады. Ал 2004 жылы ойыншы кезінде «Қайратпен» бірге Қазақстан біріншілігін ұтып алған болатын.

Айта кетейік, Карлос Алос «Қайраттың» тізгінін 2017 жылдың шілдесінде ұстаған болатын. Оның жаттықтыруымен команда Қазақстан Кубогын ғана жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер