Жаға ұстатты
ММА

Хабиб Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды

Хабиб Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов америкалық боксшы кіші Флойд Мэйвезерді жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионының бейнеүндеуін менеджер Дехуан Блэйк инстаграмдағы парақшасында жариялады.

«Кел, төбелесейік, Флойд! 50-0 есебі 27-0-ге қарсы. Екеуміз де ешқашан жеңіліп көрмеген жігіттерміз. Неге кездеспеске? Джунглиде тек бір ғана корольге орын бар. Ол король, әрине, менмін. Себебі сен Макгрегорды ұрып құлата алмадың, ал мен оны оп-оңай сұлаттым!», - деді Нурмагомедов.

Еске сала кетсек, 6 қазан күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында Хабиб Нурмагомедов ирландиялық қарсыласы Конор Макгрегорды төртінші раундта қылқындыру әдісі арқылы жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер