«Құпия» ақпарат

«Ордабасының» ойыншысы Қазақстандағы футболға ашынды

«Ордабасының» ойыншысы Қазақстандағы футболға ашынды
news-banner7
mobile-news-top

«Ордабасы» футбол клубының жартылай қорғаушысы Кирилл Ковальчук ел біріншілігінің 25-ші туры аясында өткен талдықорғандық «Жетісу» командасына қарсы ойында пенальти болмағанын айтып ашынды.

- Футболды өлтіруде. Қалайша бұлай істеуге болады? Мен бір метр жерде ғана тұрдым. Тіпті футболшының аяғы да тиген жоқ. Бұл ойынға келдік, дайындалдық, ал бізден жеңісімізді тартып алды! Өте өкінішті. Қарсылас команданың ойыншылары тәртіп бұзылмағанын айтты. Бірақ биыл бізге Еуропа Лигасы да, құрмет те жоқ! ҚКФЛ-дан осы бір сәтті қайталап көрсетуді сұраймын. Ойыннан соң бізге қолдау көрсеткен «Жетісу» командасының жанкүйерлеріне алғысымды айтамын, - деп пікір білдірді Кирилл Ковальчик Instagram желісіндегі Қазақстан кәсіпқой футбол Лигасының парақшасында.

Алайда бірер сағаттан соң ҚКФЛ парақшасы аталмыш посттағы пікірлерді өшіріп тастаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер