Жаға ұстатты
Әлем футболы

Англиялық шабуылшы 1,5 айда үш баланың әкесі атанды

Англиялық шабуылшы 1,5 айда үш баланың әкесі атанды
news-banner7
mobile-news-top

Англиялық «Сток Сити» шабуылшысы Сейдо Берахино бір жарым айдың ішінде үш түрлі әйелден үш баланың әкесі атанды.

Берахиноның есімі екі баланың туу туралы куәлігінде әкесі ретінде жазылған. Ал үшінші баланың анасы Сейдоны әке ретінде мойындату үшін онымен соттаспақ.

Бірінші сәбиді 30 мамырда Берахиноның бұрынғы сүйіктісі Стефания Кристофор босанған. Жұп басында үйленбек болған еді, бірақ биыл ақпанда айырылысып кеткен. Ал екінші баланы 15 шілдеде Берахиноның бұрынғы танысы дүниеге әкелген. Оның есімі заңды тұрғыда жарияланған жоқ. Футболшы баланың өзінен екенін мойындаған жоқ, жақын арада осыған байланысты сот отырысы өтеді.

Ал 17 шілдеде Берахиноның үшінші баласы өмір есігін ашты, сәбиді дүниеге келген Челси Лавлейс есімді ару.

Бір қызығы,1,5 айда үш баланың әкесі атанған шабуылшы соңғы екі жылда екі-ақ гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер