Жаға ұстатты
Бокс

Канело Нұртас Адамбайдың пікірін көтере алмады

Канело Нұртас Адамбайдың пікірін көтере алмады
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі ел арасында әлі де қызу талқыға түсуде. Бокс жанкүйерлерінің көбісі төрешілер шешіміне асқан сенімсіздік танытып отыр. Әсіресе отандық шоу-бизнес жұлдыздары Головкиннің жеңілісі әділетсіз екенін айтып, әлеуметтік желілерде көптеген жазба қалдыруда деп жазады NUR.KZ.

Геннадий Головкиннің жеңілісімен келіспейтіндер қатарында танымал отандық актер Нұртас Адамбай да бар.

Алайда, ол әріптестері іспетті наразылығын өз парақшасына емес, Сауль Альварестің өзіне тікелей жазып жіберген.

Қазақстандық жұлдыз «Канелоның» суретінің астына өзінің азулы пікірін қалдырып:

«Канело, сен менің кішкентай қарындасым сияқты төбелестің. GGG -нағыз чемпион!», - деп жазған.

Ең қызығы, Сауль Альварес қазақстандық актердің пікірін өз парақшасынан өшіріп тастаған. Нұртас Адамбайдың айтуынша, мыңдаған лүпіл жинаған жазбасынан мексикалық боксшының жүйке жүйесі сыр берсе керек.

Бір күн бұрын, актер өз парақшасында жекпе-жекке қатысты пікірін де білдірген.

«Генаға төрешілер тарапынан әділетсіздік жасалынды. Кімде-кім менімен келіспейтін болса фахитос жесің», - деп жазылған суреттің астында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер