«Конденсат-Жайықмұнай» волейбол клубы ел біріншілігнде көш бастап келеді

«Конденсат-Жайықмұнай» волейбол клубы ел біріншілігнде көш бастап келеді
<p style="text-align: justify;"> <strong>Волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР чемпионатында Оралдың &laquo;Конденсат-Жайықмұнай&raquo; командасы 13 ұпаймен жеке дара көш бастап келеді.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Хромтау қаласында өтіп жатқан бірінші турда кеше батыс қазақстандықтар &laquo;Павлодар&raquo; командасын 3:0 есебімен тізе бүктіріп, қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді. Есесіне ел чемпионы &laquo;Алматы&raquo; командасы үшін биылғы маусым сәтсіз болып тұр. Олар кеше алаң иелері &laquo;ТНК Казхром&raquo; командасына 1:3 есебімен ұтылып, төртінші орынға түсіп қалды. Өскеменнің &laquo;ШығысҚорғасынҚұрылысы&raquo; мен хромтаулықтар 10 ұпаймен екінші, үшінші орындарды бөлісуде.</p> <p style="text-align: justify;"> Бүгін командалар демалады. Ертең &laquo;Конденсат-Жайықмұнай&raquo; - &laquo;ШығысҚорғасынҚұрылыс&raquo;, &laquo;Атырау&raquo; - &laquo;Павлодар&raquo;, &laquo;Есіл&raquo; (Петропавл) - &laquo;Алматы&raquo;, &laquo;ТНК Казхром&raquo; - &laquo;Тараз&raquo;, 15 желтоқсан, соңғы күні &laquo;Атырау&raquo; - &laquo;Алматы&raquo;, &laquo;Конденсат-Жайықмұнай&raquo; - &laquo;Тараз&raquo;, &laquo;Есіл&raquo; - &laquo;Павлодар&raquo;, &laquo;ТНК Казхром&raquo; - &laquo;ШығысҚорғанысҚұрылыс&raquo; өзара күш сынасады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или