Жалғас Жұмағұлов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Жалғас Жұмағұлов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Тамыз айының 31-і күні Астана қаласында Fight Nights Global ұйымының турнирі өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда белгілі болғандай, аталмыш турнирдің ұйымдастыруын басқа ұйымдар мойнына алған.

Нақтылай кетсек, бұл турнирді өткізуге 3 бірдей ұйым атсалысады. Олар қазақстандық Tobet Fighting Championship пен Alash Pride FC және Fight Nights Global ұйымы.

Бұрын жоспарланғандай басты жекпе-жекте Қуат Хамитов өнер көрсетпейді. Бұл туралы спортшының өзі Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында айтып берді.

Белгілі болғандай, бұл турнирде АСВ ұйымының өкілі Асу Алмабаев сегізбұрышқа шығуы мүмкін. Спортшының айтуынша, әзірге турнирдің ұйымдастырушылары мен АСВ келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Асудың қарсыласы туралы еш ақпар жоқ.

Басты жекпе-жекте отандасымыз Жұман Жұмабеков өнер көрсетеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз Ал тағы бір жекпе-жекте Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік Тагир Ұланбеков чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или