Қуат Хамитов: Көрерменсіз жекпе-жек өткізудің еш мәні жоқ

Қуат Хамитов: Көрерменсіз жекпе-жек өткізудің еш мәні жоқ

Күні кеше ғана Қуат Хамитов 31 тамызда Астанада аралас жекпе-жектен өтетін турнирде Давид Хачатрянға қарсы жекпе-жек өткізбейтін болды деп жазған болатынбыз.

Кештің басты жекпе-жегі бұрын айтылғандай Қуат Хамитов пен Давид Хачатрян арасында өтпейтін болды. Тіпті, Найманның бұл турнирде жекпе-жек  өткізу-өткізбеуі әлі күнге дейін белгісіз болып отыр. «Найман» жағдайдың мән-жайын Prosports.kz<span> </span><span>тілшісіне айтып берді: </span>

<span>- Әзірге ештеңе нақты емес. Бәрі болуы мүмкін. Меніңше, турнир өтпейтін секілді. Өйткені оның жарнамасымен айналысуға уақыт жеткіліксіз. Жеке маған және менеджеріме бұл турнир жайлы, жекпе-жек туралы ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Қазір келісімшартты күтіп отырмыз.</span>

<span>Спортшы келісімшартқа қол қоймай оны жекпе-жекке шықпайды деп есептеу қажет. Менің де жарнамасы жоқ бұл турнирге қатысқым келіп тұрғаны шамалы. Көрермен жоқ залда жекпе-жек өткізудің еш мәні жоқ, - деді Қуат Хамитов.</span>

Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирді Tobet Fighting Championship пен Alash Pride FC промоушендері ұйымдастырып жатқанын, ал Fight Nights Global ұйымынан тек спортшылар қатысатынын жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или