Ой қорыту
Басқа

Кісі қолынан опат болған отандық спортшылар кімдер?

Кісі қолынан опат болған отандық спортшылар кімдер?
news-banner7
mobile-news-top

Күні кеше екі айнаның ақысы үшін ажал құшып, күллі елді қаралы еткен Денис Теннің алар асулары қандай еді? Өкініш өзекті тырнайтыны ақиқат, бірақ ажалдан озған адам бар ма?

Денис Тен кісі қолынан опат болған алғашқы оғланымыз емес... Ә, дегенде Мұстафа Өзтүрік, батырымыз Бекзат, еріміз Ермек еске түседі. Солар тірі жүргенде бүгінгі біздің байрағымыз әлемді дүрліктіріп отырары сөзсіз еді. Ендеше сол оғландарымызды еске алайық. Өткеніңді ойласаң, жаңа қадамда жасалатын қателік азаяды емес пе?

Мұстафа Өзтүрік

Туған халқын сүйіндіріп, сүйсінткен тау тұлға, тар дүниенің тарансасынан талайлы тағдыры ерте түсірген тарланбоз - Мұстафа Өзтүрік.Атамекенін аңсап жетіп, топырағын сүйіп туған елімен табысқан есіл ерді абайсызда ажал алып кетті. Кей деректерде, оның қастандықпен уланып, бақилық болғаны жазылады. Кіндік жұртынан аққа оранып, аруланып аттанып Түркиядағы әкесінің жанына жерленді. Өзтүріктің жалғызы еді. Артынан ерген қарасы да жалғыз. Біз білсек, Германияда тұрады. Ал, атажұртта ардақты ұлдың даңқы қалды.

Алаш айбозын ұмытқан жоқ. Мұстафаның атында көше, шығыс жекпе-жек мектебі, шәкірттері бар. Жыл сайын Мұстафа Өзтүрік атындағы жарыс өтіп тұрады.

Бексейіт Түлкеев

Мұстафа Өзтүріктің шәкірті. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі болған. Спорт пен сурет өнерін қатар ұстаған бірегей тұлға Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы болған. Аз ғана ғұмырында артында мол мұра қалдырған азамат бар жоғы 47 жасында автотұрақ ішінде кісі қолынан опат болған.

Марат Жексенбаев

Допты хоккейден КСРО-ның 19 дүркін чемпионы. Опасыз қылмыскерлер қолынан 20 жерден пышақталып, өз пәтерінде мерт болған.

Бекзат Саттарханов

Сидней Олимпиадасында жиырма жасында алтыннан алқа тағып, ел мәртебесін аспандатқан бокс жеңімпазы, ғажайып спортшы Бекзат Саттарханов жарқырап аққан құйрықты жұлдыздай 2000 жылғы желтоқсанның 31-күні көлік апатынан қаза тапты. Қыршын саңлақты сақтай алмағанымыз күні бүгінге дейін жанымызға батады.

Бектас Әбубәкіров

2001 жылы Қарағанды қаласында да қанды оқиға орын алды. «Офсайд» дәмханасында тамақ ішіп отырған бес жігіт қас пен көздің арасында мерт болды. Олардың арасында бокстан Азия чемпионы Бектас Әбубәкіров та бар. Әлгі демалыс орнына кіріп келген жендеттер өзге кісілерден сыпайы түрде шығып кетуді өтініп, тек сол бес жігіт оңаша қалғанда, «Калашников» автоматымен барлығын жайпап салған.

Анатолий Храпатый

Ауыр атлетикадан әлемнің бес дүркін жеңімпазы өткен жылдың тамыз айында Бейжің Олимпиадасының басталуына санаулы күндер қалғанда жол апатынан қаза болды. Екатеринбург-Алматы бағытындағы тас жолда Анатолий Храпатый мiнген «Ямаха» маркалы мотоцикл қарсы жолдағы «Тойота-Виндом» автокөлiгiне соқтығысып, спортшы оқиға орнында мерт болды.

Ермек Серіков

2009 жылы Геннадий Головкиннің досы, 20 жастағы Ермек Серіков қаза болады. Азияның үш дүркін чемпионының оқиғасы Денис Тендікіне ұқсас. Кәсіпқой боксқа ауыспақ болған спортшы Шахтинск қаласындағы жанармай құю станциясында Владимир Шепинмен жанжалдасып қалады.

Төбелестен кейін Шепин көліктен аңшы мылтығын алып шығады да, атқан оғы Серіковтың жамбасына тиеді. Оқ тамырды жарып, спортшы келесі күні көп қан жоғалтқандықтан ауруханада көз жұмады. Бұл 2009 жылдың 11 тамызында болған қайғылы жағдай.

Түпнұсқасы: reactor.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер