«Ордабасыда» орташа жалақы – 1,5 млн теңге

«Ордабасыда» орташа жалақы – 1,5 млн теңге
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz «Ордабасы» ФК бюджетін анықтады.

Қаржы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, «Ордабасыда» жылына орта есеппен 120 адам жұмыс істейді. Мұнда ойыншылар, клубтық және техникалық қызметкерлер кіреді. Жалақыға 2,3 миллиард теңге кететінін ескерсек – орта есеппен бір адам жылына 19 млн, яғни айына 1,5 млн теңге алады. Әрине, жалақының басым бөлігі футболшыларға кетеді. Prosports.kz ақпаратына бойынша, ҚПЛ-да қазақстандық құжаты бар ойыншы орта есеппен айына 2,4 млн теңге алады.

ОҚО статистика департаментінің ақпаратын қарар болсақ, оңтүстікқазақстандықтардың ай сайынғы жалақысы орта есеппен – 84 мың теңге. Яғни, «Ордабасыда» жалақы деңгейі нарықтағы бағадан тым жоғары.

2015 жылы әр қызметкер орта есеппен жылына 15 млн, 2014 жылы 13 млн теңге алған. 2013 жылы «Ордабасы» өзінің әр қызметкеріне орташа алғанда 9,1 млн теңге жұмсаған. Яғни, жалақы деңгейі «Ордабасының» турнир кестесіндегі жағдайына байланысты өсе берген.

«Ордабасының» бюджеті туралы толығырақ «PROСПОРТ Казахстан» газетінің 27 шілдеде шыққан №29 нөмірінен оқуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер