Әлем футболы

Матюиди: Енді Роналду әлем чемпионымен бір бөлмеде болады

news-banner7
mobile-news-top

Франция құрамасы мен «Ювентустың» жартылай қорғаушысы Блез Матюиди командаға Криштиану Роналдудың қосылуы жайлы әзілдеді.

«Криштиану – ғаламшардың үздік ойыншысы және онымен бірге ойнау ғажап сезім. Бірақ оған да сондай сезім туындайды. Ол әлем чемпионымен бір киім ауыстыратын бөлмеде бола алады! Екі жыл бұрын ол мені Парижде финалда жеңген еді, бірақ бұл әлем чемпионаты – Еуродан да жоғары», - деді Матюиди.

Естеріңізге салсақ, Франция құрамасы 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатын жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер