Әлем футболы

Бельгия – Англия: қола жүлде кімге бұйырады

Бельгия – Англия: қола жүлде кімге бұйырады
news-banner7
mobile-news-top

Әлем чемпионаты. 3-ші орын үшін матч

14.07.2018. 20:00

Бельгия – Англия

Англия сонау 1960 жылы әлем чемпионы болғаннан кейін, 58 жыл бойы үздік үштіктен көріне алмай келеді. Ал Бельгияның тарихындағы ең үздік нәтиже – 1986 жылғы төртінші орын.

Ал бұл жұптан кімді фаворит санар едіңіз? Меніңше, Бельгия футбол отанынан келген ойыншыларға допты қалай тебу керегін үйретіп-ақ жіберетін секілді. Ширек финалда Бразилияға үйреткен, ағылшындарға енді өте қиын болмақ. Биылғы әлемдік доданың топтық кезеңінде осы екі құрама бір квартетте ойнаған. Соңғы турдағы матчта командалар екінші құрамдарын шығарып, сонда Бельгия жеңіске жеткен болатын.

Бұл турнирдің басты сұрмергендері бүгін өзара кездеседі. Әзірше Харри Кейнде алты гол, ал Лукака қарсылас қақпасына төрт доп соққан. Екі шабуылшы да бүгін алаңда қарап қалмас.

Меніңше, бүгін Азар мен Лукаку бастаған жігіттер тарихи жетістікке қол жеткізу үшін барын салады. Оның үстіне, биылғы әлем чемпионатында Англияға қарағанда, Бельгияда әдемі футбол көрсетіп жүргені рас. Сондықтан, менің болжамым біреу – Бельгия жеңеді.

Бәс: Бельгия жеңеді – 2.27 коэффициент

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер