Волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты: Бірінші күннің қорытындысы
Өскеменде волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде үш матч өтті, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.
Күндізгі сессияда Вьетнам волейболшылары Шри-Ланканы 3:0 есебімен жеңді.
Түскі сессияда өткен жылы чемпиондық атаққа ие болған Таиланд қыздары Қытайды 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Кешкі бағдарлама аясында жарыс жолына шыққан қазақстандық команда Ираннан келген команданы 3:0 есебімен жеңіп кетті.
Еске сала кетейік, клубтар арасындағы Азия чемпионатына 9 команда қатысып жатыр. Қазақстан намысын биыл ел біріншілігінде чемпион атанған "Алтай" волейбол командасы қорғауда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или