Әлем футболы

Ағылшындар тарихында  үшінші рет 1/2 финалға өтуі мүмкін

Ағылшындар тарихында  үшінші рет 1/2 финалға өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Әлем чемпионаты. 1/4 финал

07.07.2018. 20:00

Швеция – Англия

Шведтер де, ағылшындар да биылғы әлем чемпионатын жақсы өткізіп жатыр. Швеция осы әлемдік додадағы төрт матчтың үшеуінде гол жібермеді. Ал Англия осыған дейінгі төрт матчта тоғыз доп тоғытқан болатын. Яғни, шабуылы мықты ұжым мен қорғанысы бекем құрама кездеседі.

Англиялықтар сапында турнирдің үздік сұрмергені Харри Кейн өнер көрсетеді. Жалпы, Англия әлем чемпионатына 15-ші рет қатысуда және соның екеуінде ғана жартылай финалға өткен екен. Соңғы рет – 28 жыл бұрын. Енді осы олқылықтың орнын толтыратын сәт те жетіп отыр оларға. Ағылшын футболшылары мұны менен жақсы түсінген шығар. Сондықтан, бүгін олар алаңда жанын салады.

Бәс: Англия 1-голын 1-таймда соғады – 2.12 коэффициент

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер